Президент тапсырмаларының орындалуы

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының әр қатысушысы онлайн режимде өз кезегінің жылжуын қадағалай алады – Қ.Бішімбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшылығының қызметін сынға алды. Н.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметіне сараптау жүргізді, оның қорытындысында банк жетекшілері мен олардың туыстарына баспана алу үшін бағдарламаға қатысуға мүмкіндік болғаны анықталды.
Казахстан17 Қазан , 17:18

«Қазақстанның тұрғын-үй жинақ банкінің» Тұрғын үй құрылыс жинағына  салымшылар рейтингі қайта қарастырылады, бизнес-процесстер жүйесі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асуын толықтай жариялы өтуді қамтамасыз етіп толықтай автоматтандырылады, Орталық Коммуникация қызметі брифингінде Басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев.

«Біздің мақсатымыз бойынша, бағдарламаға қатысушы өзінің балын есептеп, кезегінің жылжуын және өтінішінің қаралу барысын толықтай онлайн режимде қарап отыруға мүмкіндік беретін бизнес-процесстерді автоматтандыру тапсырмасын орындау. Банкінің ішінде қатысушыларға арналған рейтингтік бағалау жүйесі бар. Қазір ол түсінікті, жария және қолжетімді болу үшін толықтай қайта қаралады», - деді Қ.Бішімбаев.

Автоматтандыру жұмысы қатысушылардың ортақ пулында заңсыз түрде кезек жылжытудың алдын алады.

«Автоматтандыру азаматтардың өз кезегінің жылжу барысын қадағалап отыруға жағдай жасайды. Егер кезек сақтау жағынан қандай да бір әділетсіздіктер байқалса, автоматтандырудың ашықтығы мен жариялылығының арқасында ондай жағдайлар ретке келтіріледі», - деді холдинг басшысы.

Сонымен қатар «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына банк жетекшілері мен олардың отбасыларының қатысуына шектеу салынады. Бұл бірінші кезекте банктің директорлар кеңесі мүшелері, банктің басқарма мүшелері, филиал директорлары мен банктің басқарушы директорлары

Және де потенциалды қатысушыларға табыс деңгейі жағынан да шектеулер енгізіледі. Жоғары табыс табатын қатысушы азамат баспананы нарықтағы бағасымен де сатып ала алады. Ондай жағдайлар да ескерілетін және қадағаланатын болады.

Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға тіркеу жағынан да қосымша талаптар енгізіледі. Белгілі бір аймақта тұрғын үй алу үшін сол жерде тіркелгені туралы анықтама қажет етілмек.

Өз кезегінде «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы «Қазақстанның тұрғын-үй жинақ банкі» қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жайлы да ақпарат берді. Ол үшін бизнес-процесс толықтай автоматтандырылып, барлық қатысушы өз өтінішінің жылжу барысын бақылай алады.

«Біздің мақсатымыз бойынша, бағдарламаға қатысушы өзінің балын есептеп, кезегінің жылжуын және өтінішінің қаралу барысын толықтай онлайн режимде қарап отыруға мүмкіндік беретін бизнес-процесстерді автоматтандыру тапсырмасын орындау. Банктің ішінде қатысушыларға арналған рейтингтік бағалау жүйесі бар. Қазір ол түсінікті, жария және қолжетімді болу үшін толықтай қайта қаралады», - деді Қ.Бишімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» холдингінің сенімді басқаруына енген болатын.

Осы уақыт аралығында холдингке депутаттар тарапынан «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша банктің басқарушы лауазымдағы адамдары мен олардың туған-туысқандарының пәтер алуы мүмкін екенін ескеріп тексеріс жұмысын жүргізу туралы депуттатық сауал берілген.

«Бәйтерек» холдингі құрған комиссия іске кірісіп, банктің басқарушылары мен олардың туыстары мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғанын анықтады.

Сонымен қатар баспана сатып алу үшін пул құруда да жекелеген заң бұзушылықтардың орын алғанын анықтады. Тексеріс қорытындысы бойынша ақпараттар ҚР Үкіметіне жіберілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында банк басқарма төрағасының екі орынбасары уақытынан бұрын қызметтерінен босатылды. Басқа жетекшілер өз өтініштерімен жұмыстарынан бас тартты.

 

 




Яндекс.Метрика