Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

ҚР-да 2013 жылдың 9 айы бойынша 3,3 мың шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Қазақстанда ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 3 356 адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан17 Қазан , 16:45

«Пробация қызметінің ағымдағы жылғы 9 ай ішіндегі жұмысының қорытындылары қарастырылды. Осылайша, пробация қызметінің мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысы оң нәтижелер беріп жатыр», - деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, жыл басынан бері 3356 шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, олардың 1343-не психологиялық қолдау көрсетілді, 208-і білім алды, 509ы жұмысқа орналастырылды, 162 сотталғанның құжаттарын қалпына келтіруге және 1134 сотталғанға өзге де көмек көрсетілді.  




Яндекс.Метрика