Парламент

Н.Нығматулин: Тағы бір тарихи дәуіріміз басталды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің тарихында қалатын тағы бір ұлы қадам жасады.Ол Президентіміздің жарты ғасырға жуық кезеңді қамтитын «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясы.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздік алған күннен бастап, барлық қиындықтардың уа­қытша екенін айтып, әрқашанда өр­ке­ниетке ұмтылған ұзақмерзімді мақсаттар мен мін­деттер қойып келеді.

Соның нәтижесінде Қазақстанымыз кей­бір дамыған елдердің өздері қиналған ауыр кезеңдерден сүрінбей өтіп, дүние жүзін таңқалдырған табыстарға қол жеткізді.

Дамудың қазақстандық үлгісін қа­лып­тастыра отырып, беделі биік, абыройы жо­ғары, қуатты мемлекетке айналды.

Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Сол үшін Елбасымыз Қазақстан хал­қына өркениеттің шыңына жетуді мақ­сат ететін және оның жолдары нақты бел­гіленген маңызды Жолдауын жария етіп отыр.

Бұл – тек болашағын болжай білетін, ке­мел ойдың иесі, сонымен бірге, еліне, халқына шынайы қамқорлық, жанашырлық жасай білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев сияқты әлемдік саясаткердің, дана бас­шының, тарихи тұлғаның ғана қолынан ке­летін ғаламат ұлы іс.

Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның тағы бір тарихи дәуірі басталды деуге болады.

Нұрлан Нығматулин,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы




Яндекс.Метрика