Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Атырау облысында 2013 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 46 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жоспарлануда

Атырау облысында «2011-2020 жылдарға арналаған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 46 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау17 Қазан , 15:04

«2013 жылы 46 көппәтерлі үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, оған 625 млн теңге бөлінді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегендіктен жұмыс тоқтап тұр», - деп хабарламада нақтыланған.

«2011-2020 жылдарға арналаған тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық  қызметін жаңғырту» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдар аралығында 45 үйге жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал өзге үйлерге толық кешенді жөндеу жұмысы жүргізілді. Оған қоса, 29 үйде жалпыпәтерлік жылу қондырғылары орнатылды.

2014 жылы  1 млрд теңгеге 36 үйді қайта жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика