Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

«А» басқару корпусының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын қызметтік бағалаудан өтеді

«А» корпусы басшылығы жұмысы жыл сайын тексерілетін болады. Бұл жайлы «А» басқару корпусы мемлекеттік қызметкерлерімен кездесуінен кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік төрағасы Әлихан Байменов мәлімдеді.
Астана қаласы17 Қазан , 14:55

«Қазір «А» корпусы мемлекеттік қызметкерлерімен  жылдық келісімшарт жасалған. Осы уақытта Мемлекет басқармасы бұйрығымен қызметтік бағалау расталды. Жыл сайынғы бағалау нәтижесі бойынша, мемлекеттік қызметкерлер оқуға жіберілуі, ротацияға ұсыныла алады», - деді Агенттік төрағасы.

«А» корпусы өкілдерінің оң баға алып жатқан жағдайында келісімшарт тағы 4 жылға ұзартылуы мүмкін.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына тікелей байланысты мемлекет бірінші кезеңнің қорытындысымен тағы бір рет сараптамадан өткізбек. Кадрлық құрам қазірден белгіленіп, осы негізде мемлекеттік қызмет туралы Заң шығаруды жетілдіру жолында жұмыс істейміз», - деді Ә.Байменов.

Төрағаның айтуынша, «А» корпусы үміткерлерін  іріктеген бірінші кезеңде компетентті жол негізінде бағалау әдісін тәжірбиеден өткізілген.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика