Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

ҚР банк секторының сыртқы қарызы 11 млрд долларды құрады

2013 жылғы 30 маусымда елдің сыртқы борышы 145,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 5,3 млрд. АҚШ доллары немесе 4%-ын мемлекеттік сектордың сыртқы борышы (ҚР Үкіметінің жəне ҚР Ұлттық Банкінің міндеттемелері) құрайды. Фирмааралық берешектің үлесі 70,9 млрд. АҚШ доллар немесе 49%, банк секторына 11,5 млрд. АҚШ доллар немесе 8% тиесілі, деп ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан17 Қазан , 11:55

Хабарламада айтылғандай, 2013 жылғы екінші тоқсанда сыртқы борыш, негізінен, «Басқа секторлардың» сыртқы берешегінің өсуі (+5,5 млрд. АҚШ долл.) есебінен 5,8 млрд. АҚШ долларға ұлғайды. 

Сонымен қатар «Банктердің» сыртқы борышының төмендеуімен (-1,2 млрд. АҚШ долл.) ішінара нивелирленген фирмааралық берешектің өсуі (+1,3 млрд. АҚШ долл.) байқалды. Бұл төмендеу, негізінен, 2013 жылғы екінші тоқсанда «АТФБанк» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ жəне «Халық Банкі» АҚ сияқты банктердің жалпы сомасы 0,5 млрд. АҚШ доллар еурооблигацияларды өтеуімен, сондай-ақ Қазақстан банк секторының халықаралық облигациялары құнының бағамдық ауытқу нəтижесінде төмендеуімен (-0,3 млрд. АҚШ долл.) байланысты болды. 

2013 жылғы екінші тоқсанда «Басқа секторлардың» сыртқы борышының ұлғаюы, негізінен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жəне «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жалпы көлемі 4 млрд. АҚШ доллары еурооблигацияларды шығаруы есебінен, сондай-ақ резиденттердің сыртқы қарыздарды (2,8 млрд. АҚШ долл.) белсенді түрде игеруді жалғастыруымен байланысты болды.

Фирмааралық берешекке келер болсақ, оның өсуі, негізінен, ірі компаниялардың Қазақстанның аумағында мұнай-газ жобаларымен айналысатын филиалдарын қаржыландыруымен (1,3 млрд. АҚШ долл.) байланысты болды. 2013 жылғы 30 маусымда сыртқы борыштың ЖІӨ-ге арақатынасы 69,0%-ды құрады, ал сыртқы борыштың ТҚЭ-ге арақатынасы 164,1%-ды құрады жəне Ұлттық Банктің халықаралық резервтері қысқа мерзімді сыртқы борыштан (өтеудің бастапқы мерзімі бойынша) 2,7 есе асып түсті. 

Соның салдарынан елдің сыртқы міндеттемелерінің өсуі сыртқы активтердің өсуінен, елдің борыштық құралдар бойынша сыртқы міндеттемелері мен сыртқы активтері арасындағы айырма ретінде айқындалатын Қазақстанның таза сыртқы борышынан 2013 жылғы екінші тоқсанда 1,9 млрд. АҚШ долларға ұлғайып, 2013 жылғы 30 маусымда 18,8 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 9%-н құрады.
 




Яндекс.Метрика