Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

е-лицензиялау жүйесі қолданушыларға ыңғайлы бола түспек

Лицензия алу және өзге де рұқсаттама құжаттарына қол жеткізу бұрынғыдан да оңай және ыңғайлы бола түспек – қазір е-лицензиялау жүйесін дайындау бойынша E-license.kz порталының дизайнын жетілдіру мен жаңартудың кешенді жұмыстары жасалып жатыр,деп хабарлайды «НИТ» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан17 Қазан , 12:24

«Атқарылып жатқан жұмыстардың, қызмет пен ақпараттың көбеюі интерфейске жаңа талап қояды. Әсіресе кез келген  қолданушы өзіне керек мағлұматқа оңай қол жеткізуі өте маңызды. Интерфейстің жаңартылуына қолданушылар да ат салысты. Атап айтсақ олар жеке кабинеттердің түрін өзгертуге ұсыныс тастады. Олар egov.kz  үлгісіндегі ғаламтор бетін дайындауды сұрады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдан бастап барлық лицензия түрлері тек қана е-лицензиялау арқылы берілуде. Ағымдағы жылдың басынан бергі 9 ай ішінде ҚР-да 16 218 электронды лицензия берілген. Солардың ішінде ең көп берілгені құрылыс-монтаж жұмыстарына, медицина мен білім беру қызметтеріне және алкоголь өнімдерін сақтау мен сату жұмыстарына берілген.

Сонымен қатар, ең көп сұралатын лицензия түрі нотариалды және фармацевтикалық қызметтерге деген лицензия. Лицензия ең көп берілген өңірлер Оңтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы.

E-license жүйесі жалғыс мемлекеттік лицензия реестрі  болып табылады. Сол арқылы Қазақстан Республикасында берілген кез келген лицензияның растығы мен статусын анықтауға болады.

 

 




Яндекс.Метрика