Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басқарушы «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кеңесі өтуде

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басқарушы «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кеңесі басталды.
Астана қаласы17 Қазан , 12:18

«Мен сіздерді үлкен сынақтан өтіп, «А» корпусына тағайындалып, қызметтеріңізге кіріскендеріңізбен құттықтаймын», - деді кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Сіздермен тұңғыш рет кездесу өткізгелі отырмын. Біз болашақтағы жұмыстың міндеттерін нақтылап, не істеу керектігімізді айқындауымыз керек», - деді Президент.

«Оның біліктілік талаптары мен іріктеу ережелерін мен өзім бекіткен болатынмын. Іріктеуге 2000-ға жуық адам қатысты. Әрбір орынға төрт үміткер болды. Олардың арасынан сіздер біліктілік пен тәжірибелеріңізді дәлелдеп, «А» корпусына іріктеліп алынып, жұмыстарыңызға кірістіңіздер. Сіздер мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін адамдарсыздар. Заңдардан емтихан тапсырып, оларды білетіндеріңізді дәлелдедіңіздер. Түрлі деңгейдегі қызметте істеп, тәжірибе жинақтадыңыздар. Ұлттық комисссияның іріктеуінен сүрінбей өттіңіздер», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика