Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

Қазақстанның үздік ет экспорттаушы мемлекет болуына барлық мүмкіндіктер бар - Н. Нығматулин

Қазақстанның мал шаруашылығы саласында экспорттық әлеуетті көтерудің маңыздылығы зор.
Казахстан21 Маусым , 00:00

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осы мәселені ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы атап өткеніндей, қазіргі таңда дүниежүзінде азық-түлік өнімдеріне байланысты әлем үлкен бетбұрыс алдында тұр. Осы кезеңде, біз бүкіл дүние жүзінде сапалы азық-түлік мәселесін шеше алатын негізгі мемлекет екенімізді көрсетуіміз керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалану керек деп есептейміз,- деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы парламенттік тыңдау барысында әзірленген нақты ұсыныстар Елбасының ауыл шаруашылығын жаңғыртуға байланысты ауқымды тапсырмаларын орындау үшін Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-әрекетінің негізін қалайтынына сенім білдірді.




Яндекс.Метрика