Жаңа қазақстандық патриотизм

Алматыда ойынсыз кино режиссурасы бойынша тұңғыш отандық жинақ таныстырылды

Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында «Кино және ТВ» факультетінің доценті Ә.Байғожинаның «Мен 20 жастамын!» жинақтарының тұсаукесері өтеді, деп «Бастау» ХҚК-нің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы17 Қазан , 10:20

Жинақ Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Бастау» үшінші кинофестиваліне орай құрастырылды. Бұл тұңғыш ойынсыз кино режиссурасы бойынша отандық жинақ болып табылады. Кітап беттерінде фильмнің өсу барысы мен шарықтау шегі бейнеленген.

Кітаптың алғысөзінде профессор Бауыржан Нөгербек былай дейді: «Бұл қазақстандық кітап педагогикасында пайда болған алғашқы жұмыс. Маман жобаның жүзеге асырылуымен таныстырғанда деректі фильмнің әрбір бөліміне ерекше тоқтайды. Бұл жеке емес, топтық, шығармашылық жұмыс. Біз фильмнің көрінісі қалай қалыптасатынын көреміз. Оның барлығы монтаж бен  түсірілімге дейін жүзеге асады. Яғни, біз Әсия Байғожина мен Владимир Тюлькиннің шеберханасымен таныс боламыз».

 




Яндекс.Метрика