Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

Астанада жас көшбасшыларға арналған республикалық семинар-тренинг басталды

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде республиканың әр аймағынан келген жас көшбасшылардың «Жастар-Отанға» атты семинар-тренингі басталды. 100 шақты адам қатысатын шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Жас Отан» ЖҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Қазан , 10:15

«Семинар-тренингтер жастарға, үкіметтік емес жастар ұйымының көшбасшыларымен белсенділеріне қызықты да қажетті білім алуына таптырмас мүмкіндік. Семинар бағдарламасы жаттығулардан, интерактивті режимдегі шығармашылық тапсырмалардан тұрады», - делінген хабарламада.

Тренинг тақырыптары әр алуан. Сол себепті әр қатысушы өзін қызықтырған кез келген тақырыпты таңдай алады. Осылайша барлық қатысушылар 3 топқа бөлініп, шара аяқталғаннан кейін келіссөздер жүргізу барысында психологиялық сенімге қалай қол жеткізуге болатыны, өзінің уақытын дұрыс қолдануда интеллект картаны қалай қалыптастыруға болатыны, адамдармен қалайша қарым-қатынас орнату керектігі жайлы мәлімет алады.

«Тренингті өткізуші: саяси ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы «Әлеуметтік саясат» кафедрасының профессоры  Ләйла Асылбекова, «НИКА» Шешендік өнер орталығы жетекшісі, ҚР Психологтар қауымдастығының мүшесі Меруерт Жүнісбек, «ProfiTraining» білім беру технологиялық орталығының директоры, Риторика және шешендік өнер Университетінің алдыңғы қатарлы лицензиаты Светлана Каплина», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

 




Яндекс.Метрика