Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

БҚО-да «Атырау-Самара» автожолында 2013 жылы медициналық құтқару пункті ашылады

2013 жылы БҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Атырау-Самара» жолының апаттық-қауіпті аймақтарында трассалық құтқару пункті ашылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан17 Қазан , 11:59

«Медициналық құтқару пунктінің ашылуымен білікті мамандар тарапынан алғашқы медициналық көмек алатын адамдар саны артпақ», - делінген хабарламада.

Бүгінде облыс көлемінде шамамен 180 ауылға қызмет ететін 3 жылжымалы медицина пункті жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін олар 28 мың азаматқа көмек көрсеткен.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика