Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

ҚР-да 2013 жылы 1800-ден астам медициналық ЖОО түлектері жұмыспен қамтамасыз етілді – ДСМ

Елімізде ағымдағы жылы 1800-ден астам медициналық ЖОО түлектері жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан17 Қазан , 11:44

«Денсаулық сақтау министрлігі ЖОО ректорларымен, облыстар мен Алматы, Астана қалалары әкімдерімен меморандумға қол қоюға ниетті. Соңғы 2 жылда республика аймақтарында 2 мыңнан астам медициналық ЖОО түлектері жұмысқа орналасты. Ал ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 1800-ден астам. Солардың 650-і ауылдарға жіберілген», -делінген хабарламада.

Айта кету керек, кеше денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды.

Жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі ҚММУ-де студенттермен,резиденттермен, магистрантармен, докторанттармен және жас дәрігерлермен кездесу өткізді. Кездесуде Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау саласының бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселелерін сөз етті. Соның ішінде түлектердің жұмыспен қамтылуы, олардың ауылдық жерлерге жұмысқа тағайындалуы да айтылды.

Министрдің айтуынша, бүгінде ауылдық жерге жұмысқа барған жас мамандарға жағдай жасалған.

Сонымен қатар, 2014 жылы медициналық ұйымның тәжірбиелік базасын қалыптастыру мақсатында Қарағанды Мемлекеттік Медициналық университетінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 300 орынға арналған клиника құрылысы басталмақ. Келесі жылы 1000 адамға арналған университет жатақханасының құрылысы жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика