Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

БҚО-да 2013 жылдың соңына қарай инсульт орталығы ашылады

Батыс Қазақстан облысында 2013 жылдың соңына қарай облыстық аурухана базасында инсульт орталығы ашылмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан17 Қазан , 11:40

«Батыс Қазақстан облысында 2013 жылдың соңына дейін облыстық аурухана базасында компьютерлік томаграфиямен жабдықталған инсульт орталығы ашылмақ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, науқастар тромболитикалық терапаия қабылдап, маманданған көмекке жүгіне алады. Ол өз кезегінде осы ауру бойынша өлім санын азайтпақ.

Айта кету керек, «Саламатты  Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде өңірдің кардиохирургиялық базасы дамудың жаңа серпініне қол жеткізді. Соңғы 3 жылда облыс көлемінде 600-ден астам операция жасалған.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика