Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Петропавлда мұз айдыны мен жеңілатлетикалық манежі бар Спорт сарайы салынады

Петропавл қаласында ағымдағы жылы мұз айдыны мен жеңілатлетикалық манежі бар Спорт сарайының құрылысы басталады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан17 Қазан , 11:34

«Жергілікті бюджеттен нысанның жобалауы мен құрылысына 200 млн теңге бөлінді. Құрылыстың архитектуралық жоспарын  әкімдік жанында өткен қалалық кеңесте талқылады», - деп хабарламада нақтыланған.

Нысанның құрылысын ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аймақ басшысы Самат Ескендіровтың айтуынша, жұмыс бастамасына қаражат қарастырылған.

Сарайдың құрылысымен Астана қаласының «ППК Жобалық-құрылыс компания» ЖШС айналысуда. Аталмыш компания «Думан» ойын-сауық кешенін тұрғызған.  

Жалпы, аймақта 2 мың спорттық мекеме жұмыс істеуде. Оның 35 2011 жылы тұрғызылды. Оған қоса, бар мекемелерді қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Спорттық тәжірибеде өзге аймақтардың ұстанымы қолданылады. Бүгінгі таңда 150 солтүстікқазақстандық спортқа тартылды.

 




Яндекс.Метрика