ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

СҚО-ның полицейлері мемлекеттік тіл білімінің республикалық байқауында үшінші орын алды

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінен құралған команда ІІМ-нің мемлекеттік тіл бойынша «Парасатты полицей» республикалық байқауынан үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
Солтүстік Қазақстан17 Қазан , 11:08

«Солтүстік өңірдің «Солтүстік жұлдыздары» командасы Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен құрметті үшінші орынды бөлісті», - делінген хабарламада.

СҚО ІІД командасы құрамында тылдық қамтамасыз ету қызметкерлері, көші-қон полициясы мен конвой қызметі және Тайынша ІІ АҚ қызметкерлері болды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңір бойынша республикалық мемлекеттік тіл білімі байқауына іріктеу өткізіліп, республикалық байқауға ең үздіктер таңдап алынған.

Естеріңізге сала кетейік, «Парасатты  полицей» байқауының екінші орнын Қостанай мен Маңғыстау облыстары қызметкерлері иеленсе, бірінші орынды алматылықтар олжалады. Ал бас жүлде елорданың құқық қорғау қызметкелеріне бұйырды.

 

 

 




Яндекс.Метрика