Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Атырау облысында 12 тарихи ескерткіш қалпына келтіріледі

Атырау облысында 12 тарихи ескерткіш пен мәдени орындар қалпына келтіріледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атырау17 Қазан , 10:34

«Қалпына келтірілуі тиіс 12 тарихи ескерткіш пен мәдени орындардың жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Қазіргі уақытта 3 ескерткіш жөнделуде. Биылғы жылға 2 ескерткішті қалпына келтіру жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңірдегі ескерткіштердің тарихын насихаттау мақсатында Қызылқуғын, Индер, Құрманғазы және Исатай аудандарының мәдени ескерткіштері жинағы шығарылды.

Хабарламада  айтылғандай, аталмыш ғылыми еңбектерде біздің еліміздің бай тарихынан сыр шертетін мол мұра қамтылған.

Аталмыш шараны жалғастыру мақсатында Жылыой, Мақат,Махамбет аудандары мен Атырау қаласы ескерткіштерінің жинағы дайындалмақ.

Бұдан бөлек, өлкенің тарихи шежіресінен сыр шертетін еңселі ескерткіштерімізді насихаттайтын Индер және Қызылқоға аудандарының тарих және мәдениет ескерткіштері туралы деректі фильм түсірілді. «Атырау облысының археология ескерткіштері» атты кітапша,ескерткіштер жөнінде буклеттер мен мультимедиялық CD диск шығарылды.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің туристік қызметте пайдалану мақсатындағы жол жүру карталары дайындалып, басып шығарылды. Тарихи және мәдени ескерткіштер қатарындаы 283 нысанға сараптама жұмыстары жүргізілді.

 




Яндекс.Метрика