Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің өзгеруі

ОҚО-да 514 мың га жердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды

Оңтүстік Қазақстан17 Қазан , 11:02

2011-2013 жылдар, яғни соңғы 3 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктерімен  бірлесіп,  ауыл шаруашылығы масқатындағы жерлерге  жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде  514 мың 036 га жер пайдаланылмай жатқандығы анықталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Соңғы 3 жыл (2011-2013 ж) ішінде жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктерімен  бірлесіп,  ауыл шаруашылығы масқатындағы жерлерге  жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде  514 мың 036 га жер пайдаланылмай жатқандығы анықталды. Оның ішінде жалпы егістігі 86,5 мың га құраса, оның ішіндегі суармалысы 28,4 мың га», - деп хабарламада нақтыланған.

Ауданның арнайы жер қорына 362,3 мың гектар жер қайтарылды. Оның ішінде жалпы егістігі 50,7 мың га, оның ішіндегі суармалысы-19,3 мың га.

Иесіз мүлік ретінде есепке 50,6 мың га жер алынды. Оның ішіндегі егістігі 5,3 мың га болса, оның ішіндегі суармалысы 3,4 мың гектарды құрап отыр.

Аумақтық жер инспекциясына шара көру үшін 101,1 мың гектар жер жолданды.  Оның ішіндегі егістігі 30,5 мың га. Оның ішіндегі суармалысы 5,8 мың га.

Облыс бойынша 2012 жылдың қараша айында қабылданған облыстың жер балансы бойынша,  пайдаланылмай жатқан тыңайған жер көлемі - 136,0 мың га құраған, оның ішіндегі суармалысы - 39,2 мың га.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика