Ауыл әкімдерін сайлау

Қазақстан жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясының бірінші кезеңін жүзеге асыруды бастап кетті

Шілде айынан бастап елімізде ауыл мен ауылдық округ және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау науқаны басталады. Бұл жайында «Стратегия -2050» сайты хабарлайды.
Казахстан20 Маусым , 00:00

Жергілікті басқару органдарының басшыларын аудан әкімдері енді бұрынғыдай облыс әкімінің келісімімен тағайындамайды, оларды халық таңдаған мәслихат депутаттары сайлайтын болады. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі.

Аталмыш науқан жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.  Бұл бағытқа шамамен 700 миллион теңге қарастырылған. Сайлау 2 мыңнан астам ауыл мен ауылдық округтерде өтеді деп күтілуде.

Жаңа реформа ауылдағы шенеуніктерге өаржылық тәуелсіздік береді. Белгілісі, бұған дейін ауыл әкімдіктерінде өзіндік бюджет болмаған. Ал, халық болса бұл ретте ақшаның қалай және қайда жұмсалынып жатқандығын өздері көріп отырмақ.




Яндекс.Метрика