Салық саясаты

Қазақстандық кеден қызметкерлері өткен аптада мемлекеттік қазынаға 2,5 млн теңге сомасында айыппұл өндіріп алды

Өткен аптада 2013 жылғы 7 мен 12 қазан аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша 2 567 073 теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды, деп Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан17 Қазан , 10:30

«Өткен аптада 2013 жылғы 7 мен 12 қазан аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша 2 567 073  теңге сомасында айыппұлдар өндіріліп алынды. Ол бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарламада нақтыланған.

2013 жылғы 12 қазанында Комитеттің КҚКБ қызметкерлерімен халық тұтынатын тауарларды жалған құжаттарды пайдаланумен ҚР аумағына контрабандалық әкелу фактісі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Декларациялмаған тауарлардың жалпы кедендік құны 73 074 892 теңгені, төленбеген кедендік салықтар мен төлемдердің сомасы 25 935 816 теңгені құрады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика