Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бос әкімшілік лауазымдарды иелену үшін конкурстық комиссияның ашық отырысы өтті

2013 жылдың 16 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бос әкімшілік тауазымдарды иелену үшін конкурстық комиссияның ашық отырысы өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан17 Қазан , 10:25

« Конкурстық комиссия бос әкімшілік лауазымдарға 18 үміткермен әңгімелесу өткізді»,- деп хабарламада нақтыланған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жоспарлау және бюджет бөлімі Бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас сарапшысы лауазымына 7 үміткердің 6-уы, Инспекция және бақылау бөлімі Инспекция секторы инспекторының бас кеңесшісі лауазымына 11 үміткердің 8-і әңгімелесуге қатысты.

Әңгімелесу барысында үміткерлерге 2 кәсіби, 1 жағдайлық және 1 ынталандыру сұрақтары қойылды.

Конкурстық комиссия отырысына бақылаушылар ретінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика