Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2013 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасының бөлшек сауда көлемі 12,7%-ға артты

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға жоғарылап 3 511,9 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚР Статистика Агенттігінің баспасөз қызметі.
Казахстан17 Қазан , 10:20

«2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға жоғарылап 3 511,9 млрд. теңгеге жетті», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйекте сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1 872,2 млрд. теңгені құрады немесе 18%-ға артық.

Сонымен қатар 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға жоғарылады, аталған өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың жалпы көлемінде 46,7%-ды құрады. 

Айта кету керек, бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,5%). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға, азық-түлік тауарлар 8,7%-ға ұлғайды.

2013 жылғы 1 қазанға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 256 млрд. теңгені құрады, саудадағы күндері 47 күн.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты 2013 жылы     қаңтар-қыркүйекте республикада Алматы қаласы 28,4%, Астана қаласы (10,5% және Қарағанды облысы 10% құрады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика