Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Афина қаласында экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөнінде Қазақстан-Грек комиссиясының кезекті отырысы болып өтті

2013 жылғы 14-15 қазанда Афина қаласында Қазақстан-грек экономикалық және технологиялық ынтымақтастық комиссиясының екінші отырысы өтіп, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде17 Қазан , 10:02

Шара барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волковтың басшылығымен ҚР делегациясы қатысты. Делегация құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің өкілдері кірді.

Комиссия отырысының шеңберінде тараптар істердің жағдайы мен қоршаған ортаны қорғау, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм, мемлекеттік қызмет, еңбек және әлеуметтік қорғау, жаңартылған энергия көздерін пайдалануға, алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге ерекше назар аудара отырып, энергетика салаларында ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

 Бұнымен қатар грек тарапына ынтымақтастықты аймақтық деңгейде дамыту, оның ішінде Алматы және Афина арасында неғұрлым тығыз байланыс орнату мәселесін қарастыру ұсынылды.
Отырыс нәтижелері бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды. Тараптар Комиссияның кезекті отырысын Астанада өткізуге келісті.

Комиссия отырысының аясында Автомобильдік тасымалдау бойынша аралас комиссияның бөлек отырысы орын алып, тиісті хаттамаға қол қойылды.
Афинада болу шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков грек сыртқы істер, туризм, қоғамдық тәртіп пен азаматтарды қорғау министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ ел

Парламентіндегі «Қазақстан-Грекия» достық тобының мүшелерімен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты және көпжақты сипаттағы мәселелердің кең топтамасын, оның ішінде сауда, инвестиция, туризм, екіжақты келісім-шарт базасын, бизнес-байланыстарды кеңейту салаларында ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне тиісінше 2017-2018 және 2025-2026 жылдарға өз кандидатураларын өзара қолдайтынын растады.

Грек тарапы 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төрағалығы барысында Қазақстанға Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың мәселелерін ілгерілетуге қолғабыс беруге өз әзірлігін танытты.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика