Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Вашингтонда қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

Вашингтон қаласында тұңғыш қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды, оның тақырыбы: «Ұлы даланың әңгімесі: Заманауи қазақ әдебиетінің антологиясы», деп ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде17 Қазан , 09:46

«Вашингтон қаласында тұңғыш қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды, ол «Ұлы даланың әңгімесі: Заманауи қазақ әдебиетінің антологиясы» тақырыбында өтті. Шараға қоғамдық-саяси қайраткерлер мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Оған қоса, Вашингтонда тіркелген БАҚ, мәдениет пен өнер майталмандары қатысты», - деп хабарламда нақтыланған.

Шараға қатысқан Қазақстанның елшісі Қайрат Омаров аталмыш туындының жоғары сапалығын атап өтті. Ол атап өткендей, қазіргі таңда ынтымқтастық  мәдениетті оқуға барлық жағдай жасалған.

Өз кезегінде елдер тарихы бағдарламасының директоры Пол Тейлор тұсаукесерде жақын уақытта қазақ елінің мәдениеті мен тарихын меңгеру үшін Қазақстанға баратынын атап өтті.

Оның айтуынша таныстырылып отырған антология мәдениеттанушылар үшін өте үлкен қолғабыс, ол қазақ елінің ауқымды мәдени өмірімен таныстырады.

Айта кетерлігі, кітапті онлайн-дүкендер мен Қазақстан жайлы оқитын  америкалық оқу орындарынан алуға болады. Антология осыған дейін Астана қаласында ағымдағы жылдың маусым айында  таныстырылған.

 




Яндекс.Метрика