«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 80 орындық жеке меншік жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
Ақмола17 Қазан , 09:43

«Ақмола  облысы Қорғалжын ауданында «Ақ ботақан» жеке меншік балабақшасы ашылды. 80 балаға жағжай жасайтын балабақша құрылысына жергілікті кәсіпкер М.Төлегенов 9 млн. теңгеден астам қаражат құйған»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру мекемесі бүлдіршіндердің толыққанды тәрбие алуына барлық жағдайды қарастырған: ойын бөлмелері, музыка, дене шынықтыру залдары мен керек-жарақ техника және жиһазбен қамтамасыз етілген.

Балабақша ауласы да көпқабатты үйдің барлық талаптарына жауап береді: асфальт төселіп, ағаш отырғызылған, жарықтандырылған.

Жалпы ауданда мектепке дейінгі жастағы 1469 бүлдіршін тіркелген. Аталмыш мекеменің ашылуы балабақша тапшылығын 20% дейін азайтты. Бүгінде балалардың 80,3%-ымектепке дейінгі мекемелермен  қамтамасыз етілген.

 




Яндекс.Метрика