Үкімет

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Халықаралық эпизоотикалық бюроның бас директоры Бернард Валлды қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (Халықаралық эпизоотикалық бюро) бас директоры Бернард Валлды қабылдады.
Астана қаласы16 Қазан , 10:35

Кездесу барысында ХЭБ басшысы С.Ахметовке Ұйымның қызметі туралы және Қазақстанмен әріптестіктің перспективалары туралы айтып берді. Б.Валл сондай-ақ Астанада аусыл ауруы бойынша субаймақтық үйлестіру офисі ашылғанын хабарлады.

ХЭБ офисін құрудың мақсаты орталық Азия елдері мен онымен шекаралас аудандарда аусыл ауруына бақылауды күшейту үшін құзырлы ветеринарлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру болып табылады. 

Премьер-Министр ХЭБ-пен өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, сонымен бірге «ветеринарлық қызметке жаңа стандарттар енгізу, оны жаңғырту мәселесінің Қазақстан үшін аса маңызға ие екенін» айтты.

Кездесу соңында тараптар аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының Астана қаласында субаймақтық үйлестіру офисін құру туралы Келісімге келді. Оған ХЭБ бас директоры Б.Валл, Қазақстан тарапынан Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков қол қойды.
 




Дерекнама

Яндекс.Метрика