Шағын және орта бизнесті дамыту

«БЖК-2020»: отандық бизнестің әлеуетін күшейту қажет

Қазақстанда отандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін қабылданған «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы күш алып келеді. Бағдарламаның негізгі бағыттары және үш жылда қол жеткізген нәтижелер туралы «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқармасының мүшесі - басқарушы директор Ғабит Лесбеков әңгімелеп берді.
Казахстан03 Қаңтар , 00:00

- «БЖК-2020» бағдарламасының алғашқы нәтижелері туралы айтып берсеңіз?

- Жалпы алғанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағадрламасы бүгінде ел басшылығының үмітін ақтауда деп айтуға болады. Күрделі дағдарыс кезіңінде қабылданған бағдарлама бүгінде қомақты нәтижелер беруде. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған үш жыл ішінде 136 мың жұмыс орны сақталып, 31 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, халықтың бизнес-белсенділігі артып келеді. Және мұнда «Даму» қоры қабылдаған шаралардың үлесі мол. Енді қордың міндеттері сапалық жаңа деңгейге шықты, ол кәсіпкерліктің мәдениетін әлемдік деңгейге көтеру болып табылады.

- Қазақстандық бизнесмендердің заңдық, қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде жұмыстар жүргізіле ме?

- «Даму» қорының жобасында «БЖК-2020» төртінші бағыты – қаржылық емес бағдарламалар айырықша орын алады. «Бизнестің жол картасы» өзінің бағдарламалық әрекеттерінде кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге, яғни, отандық бизнесмендердің құзыреттілігі мен сауаттылығын арттыруға    айырықша маңыз береді.

Қаржылық емес бағдарламаның құрамына кәсіпкерлікті сервистік қолдаудан басқа, тілек білдірушілерді кәсіпкерлік негіздеріне, шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін «Назарбаев Университетінде» және кәсіпкерлерді «Іскер байланыстар» жобасы аясында оқытуды қарастыру енгізілген.

- Еліміздің шалғай аудандары мен моноқалалардың кәсіпкерлері үшін қандай қолдау көрсету қарастырылған?

- Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарымен қатар, өткен жылы моноқалаларды қолдау шеңберінде 12 Кәсіпкерлерге  қолдау көрсету орталығы ашылған, ал биыл тағы да 15 орталық ашу көзделуде. Моноқалалардағы КҚКО-да сервистік компаниялар мен басқа да ұйымдардың консультанттары тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, өткен жылдың соңында– «дөңгелек үстіндегі» қолдау көрсету орталықтарының ашылуы  кәсіпкерлер үшін ерекше сүйінішті жаңалық болды. Қордың тағы да бір айтулы акциясы – бизнес-консультанттардың КҚКМО құрамында еліміздің шалғай аудандарына  шығуы. 15-қарашадан бастап осындай мобилдік орталықтар 5 облыс – Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ашылды.

- Бүгінге дейін бағдарлама аясында төленген субсидиялардың жалпы көлемі кандай екені айтып беріңізші?

- Жалпы, «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бүгінге дейін  төленген субсидиялардың жалпы көлемі  24, 6 миллиард теңге шамасында болады. Бірінші және үшінші бағыттар бойынша: несие қоржынының жалпы сомасы 479,177 миллиард теңге болатын барлығы 2319 жоба мақұлданған, оның ішінде, бірінші «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша - 2136 жоба, кепілдендіру бойынша 130 жоба, үшінші «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін азайту» бағыты бойынша - 183 жоба мақұлданған. Несие қоржынының жалпы сомасы 329,137 миллиард  теңге болатын 1891 жобаны субсидиялауға келісім шарт жасалған, оның ішінде бірінші бағыт бойынша - 1739 жобаға, үшінші бағыт бойынша - 152 жобаға қол қойылған. Кепілдендіру бойынша  несие қоржынының жалпы сомасы 15,739 миллиард теңге болатын 105 жобаға қол қойылған. Екінші бағыт – «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру»  бойынша 2012 жылғы 24 желтоқсандағы жағдайға қарағанда, Мемлекеттік комиссияның жанынан құрылған Жұмыс тобы несие қоржыны 175,517 миллиард теңге болатын 223 жобаны мақұлдаған. Субсидиялау бойынша қол қойылған келісім-шарттардың ішінде екінші бағыт бойынша жалпы несие қоржыны 144,07 млрд теңге болатын 176 жоба бар.




Яндекс.Метрика