Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

«БЖК-2020» аясында БҚО-да 37,6 млрд теңге сомаға 25 инвестициялық жоба мақұлданды

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы 37,6 млрд теңге сомаға 25 инвестициялық жоба мақұлданды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.
Батыс Қазақстан16 Қазан , 10:17

«3 жылда жалпы 37,6 млрд теңге сомаға 25 инвестициялық жоба мақұлданды, сондай-ақ 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылды», - деді Н.Ноғаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының арқасында көптеген кәсіпорындар географиясын кеңейткенін, өнімділікті арттырғанын басып айтты. 

«Батыс Қазақстанда 45 мыңға жуық ШОБ объектісі тіркелген. Олардың ішінде 26 мың нысан белсенді жұмыс жүргізуде, онда 91 мыңға жуық адам жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда облыста ШОБ сферасында 203 млрд теңгеге өнім шығарылған», - деп толықтырды ол.

 




Яндекс.Метрика