Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Ақмола облысының оқушылары ғылым мен техника саласы бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумда жүлделі орындарға ие болды

Ақмола облысы Аршалы ауданының оқушылары ғылым мен техника саласы бойынша Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумда жүлделі орындарға ие болды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола16 Қазан , 19:15

«Ақмола облысы Аршалы ауданының оқушылары ғылым мен техника саласы бойынша «Мектептен ғылымға» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумда жүлделі орындарға ие болды. Астана қаласының оқушылар сарайында өткен шарада балалар «ЭКСПО-2017» тақырыбында өз шығармаларын таныстырды», - деп әкімді хабарламасында нақтыланған.

Оған қоса, Қазақстанның әр аймағынан жиналған 180 қатысушы өз туындыларын паш етті. Аршалы станциясының жас техниктерінің бірі Илья Сафронов «Ақпараттық технологиялар, радиотехника, электротехника, телемеханика» номинациясы бойынша екінші орынды иеленді.

Өз кезегінде, «Жасыл энергетика, энергоүнемділік пен энергия сақтау» номинациясы бойынша Ильяс Рамазанов үшінші орынды иеленді.

Үздік құрастырылым үшін Майя Рүмбекова ерекшеленді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика