Шағын және орта бизнесті дамыту

БҚО-да ШОБ-тың 45 мың нысаны тіркелді-Н. Ноғаев

Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнестің 45 мың нысаны тіркелді,деп Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ-нің баспасөз отырысында мәлімдеді.
Казахстан16 Қазан , 11:20

 «Батыс Қазақстан облысында 45 мың ШОБ нысаны тіркелді. Оның 26 мыңы белсенді жұмыс істеуде. Нысандарда 91 мың адам қызмет істеуде. Бүгінгі таңда ШОБ саласы бойынша 203 млрд теңгеге өнім өндірілді», - деді Н. Ноғаев.

Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шағын және орта бизнестің дамуына әсер етті.

«Бағдарламаның арқасында біз өнімділікті күшейтіп, кәсіпкерлерге өз ісін ашуға мүмкіндік бердік. 3 жыл ішінде 25 инвестициялық жоба қолданды. Ол 37,6 млрд-қа тиесілі және 2 мың жұмыс орнын ұсынды», - деді облыс әкімі.
 

 




Яндекс.Метрика