«Облыста ауыл шаруашылық қызметі өте қарқынды дамуда. Суармалы технологиялар бойынша 286 гектар жер отырғызылды. Суармалы жүйе бойынша 320 гектар жер қамтамасыз етілді.Барлық алқап 400 мың га тең. Бірақ, ыстық жаз бен жауын-шашынның аздығынан 80 мың га жер қолданылмай қалды», - деп аймақ басшысы атап өтті.
Нұрлан Ноғаев атап өткендей, 350 мың га қолданылмаған жер мемлекетке тапсырылды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолданылмайтын жерді анықтау үшін 630 мың га жер теліміне тексеріс жүргізілді. Қорытындысында 350 мың га қолданылмаған жер мемлекетке тапсырылды. Бұл жұмыс өз жалғасын табады», - деп Н.Ноғаев түйіндеді.