Парламент

ҚР Мәжілісі Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстерінің жобасын жұмысқа алды

Пленарлық отырыста Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстерінің жобасын жұмысқа алды, депхабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы16 Қазан , 11:10

Қылмыстық кодексте іске асырылатын қылмыстық саясатты дамытудың тұжырымды бағыттары, бір жағынан, бірінші рет жасалған немесе әлеуметтік тұрғыдан осал адамдар жасаған қылмысқа қатысты толенранттық ұстанымды кеңейтеді. Екінші жағынан – ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталану көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа және сот төрелігіне қарсылық білдіруге қатысты шараларды қатаңдатады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы қылмыстық қудалауды бастау рәсімін оңайлатуға бағытталған. Мақсаты – тергеу және анықтау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын халықаралық стандарттарға сәйкес келдіріп қорғау.

Қылмыстық-атқару кодексінің жобасын қабылдау қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық құқықтық шараларды анағұрлым кеңінен пайдалану, сотталған адамдарды және жазаны өткеруден босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, пенитенционарлық және постпенитенционарлық қайталанған қылмыстардың деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, сотталған адамдармен жүргізілетін тәрбиелік процеске жұртшылықтың қатысу тетігін қалыптастырады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика