Парламент

Мәжіліс бірыңғай кедендік тарифтің мөлшерлемелеріне қатысты түзетуді мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында депутаттар «2008 жылғы 12 желтоқсандағы айырықша жағдайларда бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады,деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы16 Қазан , 11:05

«Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы шешіміне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтері айырықша жағдайларда бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Бұл хаттамамен айырықша жағдайларда комиссия шешімі негізінде тараптардың бірімен тауарларға қатысты бірыңғай кеден тарифінің қолданыстағы ставкасына қарағанда жоғарырақ немесе төменірек кедендік әкелу баж ставкасын қолдануға мүмкіндік беретін 2008 жылы қол қойылған хаттамаға өзгерістер енгізу ұсынылады», - деді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, тараптардың бірі неғұрлым жоғары ставканы мемлекет экономомикасын дамыту үшін қажет болған жағдайда қолдануы мүмкін.

«Үшінші елдердің дәстүрлі импортына елеулі деңгейде тәуелді және Кеден одағында осы немесе ұқсас тауарлар өндірісі есебінен қанағаттандыруы мүмкін емес ішкі нарықтағы тауарлардың аса тапшылығы жағдайында тараптардың бірі неғұрлым төмен ставканы қолдануды ұсынуы мүмкін», - деді министр.

 

 




Яндекс.Метрика