Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Жітіқара моноқаласында алтын өндіретін зауыт салу жоспарлануда

Қостанай облысындағы Жітіқара моноқаласында алтын өндіретін зауыт салы жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Жітіқара ауданының әкімі Қуандық Іспергенов мәлімдеді.
Қостанай15 Желтоксан , 00:00

«Қаланы дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту. Пайдалы қазбалардың кен орындарымен байланысты табиғи-ресурстық факторларын, «Қостанай минералдары» АҚ кәсіпорнының тұрақты жұмысын, қаладағы қарқынды дамып келе жатқан шағын және орта бизнес секторын есепке ала отырып, қуаттылығы жылына 750 мың тонна кенді құрайтын сульфид кенін қайта өңдейтін алтын өндіру фабрикасын салу жоспарланып отыр («Тохтар» ТКК» ЖШС). Ол 300-ден аса жұмыс орнының құрылуына ықпал ететін ірі жоба ретінде бекітілді», – деді аудан әкімі. 

Оның айтуынша, Комаров кен орнында алтын өндіру зауытын салу бойынша іс-шаралар алдағы жылдарға жоспарланған. 

«Жоба құны 8 738, 9 млн теңге, құрамында алтын бар кенді қайта өңдеу жылына 2,2 млн тонна, жылына 2,5-3,0 тонна алтын шығарылады. 40 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жоба иесі – «Металл Трэйдинг» ЖШС. Сонымен қатар, «Құндыбай» ТКК» ЖШС-ның жылына жер бетінде сирек кездесетін 2,5 млн тонна металдарды қайта өңдеу бойынша байыту фабрикасын салу жобасы да бар. 90 жұмыс орны құрылады деп болжануда», – деп қорытты Қ.Іспергенов.




Яндекс.Метрика