Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

2020 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 1,4% дейін түсіру жоспарланып отыр – Е. Досаев

2020 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 1,4% дейін түсіру жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі бюджет шығындарының тиімділігі туралы конференцияда.
Казахстан16 Қазан , 17:30

«Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде (2014-2017 жылдар) бюджет тиімділігі мен мемлекеттік қаржы тепе-теңдігін қамтамасыз ету негіздері құрылады. Екінші кезеңде (2018-2020жылдар) бірінші кезеңде қабылданған шешімдердің нәтижесі болып табылатын мемлекеттік қаржы тұрақтылығы қамтамасыз етіледі», - деді Е.Досаев.

Министрдің айтуынша, министрлік тарапынан бірінші кезең тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары басталып кеткен.

«Биылғы жылы 2014-2016 жылдарға республикалық бюджетті құру жаңа бюджет саясатындағы тұжырымдама негізінде жүзеге асырылды.Үш жылдағы бюджеттік шығындар бюджет саясатымен басқарылатын фискалды тапшылық шегі бойынша анықталады», - деді министр.

Оның айтуынша, мемлекеттік қарыздың макроэкономикалық тұрақтылығы мен қолдауды бірқалыпты деңгейде ұстап тұру мақсатында (2020 жылға ЖІӨ 13,9 пайыздан асырмау) жоба аясында республикалық бюджетте тапшылықты түсіріп, 2014 жылы 2,4 пайыздан 2016 жылы 1,9 пайызға төмендету жоспарланған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы ескеріле отырып, дефицит бойынша мақсатты бағдар 2015-2016 жылдан қысқаруы мүмкін. 2020 жылға қарай бюджет тапшылығы 1,4 пайызға дейін қысқарту жоспарланып отыр», - деді Досаев.

 




Яндекс.Метрика