Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

ҚР-да ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары бойынша республикалық семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті «Ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін арттыру жолдары» республикалық семинарын өткізді, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан16 Қазан , 17:44

«Семинардың мақсаты ақпараттық кеңістікте қазақ тілді тұтынушылардың белсенділігін, интернет ресурстар және әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілдің мәртебесін және мемлекеттік тілдегі ақпараттардың сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу», - деп хабарламада нақтыланған.

Сонымен қатар семинар барысында еліміздегі қазақтілді контенттердің жайы, қазақ тіліндегі интернет қолданушылардың алдында тұрған негізгі кедергілер және т.б мәселелер қозғалды.

Семинар жұмысына еліміздегі интернет ресурстар және әлеуметтік желілердің мамандары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және мемлекеттік органдардың интернет ресурстарын мемлекеттік тілде жүргізуге жауапты мамандар қатысты.

 

 

 




Яндекс.Метрика