Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында 11 электрондық таразы орнатылды

Қазақстанның 6 облысында жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақ параметрлерін сақтауы 11 электрондық өлшеу жүйесінің көмегі арқылы бақыланады. Салмақ өлшеудің электрондық жүйелері көліктердің салмағы мен білікке түскен жүктемесін автомобильдердің қозғалыс барысында-ақ бақылауға мүмкіндік береді. Жақын күндері мұндай электрондық салмақ өлшеу жүйелерінің саны 13-ке артады, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан16 Қазан , 17:39

Қазіргі уақытта қондырғы сертификаттаудан өтті және пайдалануға берілуде.

«Пилоттық жоба аясында қолданылған электрондық таразылар қазіргі қолданыстағы көліктік бақылау бекеттерінің қызметімен салыстырғанда айтарлықтай тиімді екенін дәлелдеді. Біріншіден, көліктік бақылау қызметкерлерімен жүргізушілердің тікелей өзара жүздесуі болмайды, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға септігін тигізеді. Екіншіден, электрондық таразылар жүріп өткен әр автокөлік құралын тексеруге мүмкіндік береді», -  деп Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында пилоттық жоба ретінде қолданысқа енгізілген салмақ өлшеудің 3 электрондық жүйесінің көмегімен 238 мыңнан астам автомобиль тексерілді. Ал, осы уақыт аралығында барлық стационарлық бекеттер арқылы тексерілген автокөлік құралының саны 74 592 құрағанын айтып өту керек.

Әсет Асаубаевтың ақпаратына сәйкес, «келесі жылы мұндай электрондық таразылардың санын 31-ге, ал одан кейінгі жылы 80-ге жеткізу жоспарда бар. Салмақ өлшеудің электрондық жүйесінің орнатылуына байланысты көліктерді бақылаудың стационарлық бекеттері біртіндеп жабылатын болады».

Сондай-ақ, ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен ағымдағы жылы көліктік бақылаудың 4 стационарлық бекеті жабылғанын айтып өткен жөн. Бүгінгі күні мұндай 7 стационарлық бекет жұмыс істейді. Ал, 2011 жылдың қаңтарында олардың саны 16 болатын.

Электрондық таразылар орнатылған жол учаскелерінде жұмыс істейтін көліктік бақылаудың жылжымалы бекеттерінің жұмыс принциптері де өзгереді. Ендігі жерде олар салмақ өлшеудің электрондық жүйесі анықтаған автокөлік құралдарын ғана тоқтатып, оларға айыппұл сала алады. Келер жылдың қаңтар айынан бастап айыппұл салынғаны жөніне ескертулер автокөлік құралының иесіне пошта арқылы да жіберілетін болады.

Автокөлік құралдарының салмақ параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесі еліміздің жолдарын уақытынан бұрын бұзылудан сақтау, Көліктік бақылау комитетінің қызметін модернизациялау жөніндегі іс-шаралар аясында бақылау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында қолданысқа енгізіліп отырғанын есетеріңізге салып өткіміз келеді. (КБК 2.0).

Осыған ұқсас салмақ өлшеу жүйелері Германия, Польша, Литва, Оңтүстік Корея және т.б. елдерде қолданылады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика