Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Алматыда индустрияландырудың екінші кезеңінің тұжырымдамасы талқыланды

Бүгін Алматыда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Бәйтерек» ҰБХ мен өзге де мемелекеттік орган және іскер орта өкілдерінің қатысуымен индустриаландырудың екінші бесжылдығы (2015-2019жж) тұжырымдамасын дайындау жұмыс штабының отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы16 Қазан , 14:49

Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев индустрияландырудың екінші кезең тұжырымдамасын дайындауда бизнес-қауымдастықтың да ұсыныстарын ескеру керектігін айтты. Сонда ғана құжат қызығушылық танытқан тараптардың мүдделерін ескерген болады.

Екінші бесжылдық басым түрлі салалық секторлардың бір араға тоғыстырылуымен жүзеге аспақ. Оны қаржыландыру да белгілі бір басымдылықтарға ғана берілмек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға дейінгі Индустиалды-инновациялық бағдарламалардың екінші бесжылдық тұжырымдамасын дайындау Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Осы мақсатта Премьер-Министрдің төрағалығымен штаб пен 4 топтық жұмыс тобынан тұратын Басқару Комитеті құрылды.

Хабарламада айтылғандай аталмыш төрт топтың біріншісі салалар мен кластерлерге жауап береді. Екінші топ өндіріс күшін салу мен өңірлік дамуға, үшінші топ қаржы жүйесінің дамуы мен индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын қаржыландыруға жауап берсе, төртінші топтың мойынында өнеркәсіп саясатына құрал дайындау мен жүзеге асыру механизмдері.  Осы төрт топтың құрамына түрлі мемлекеттік орган өкілдері мен даму институт өкілдері кіреді.

Тұжырымдама ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдануы керек. 2014 жылдың мамыр айында екінші бесжылдық тұжырымдамасының бағдарламасы  қабылданбақ. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика