Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

ҚР Аймақтық даму министрі ЕЫҚҰ-ның қазіргі төрағасымен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев ЕЫҚҰ-ның қазіргі төрағасы, Украинаның Сыртқы істер министрі Леонид Кожарамен кездесті, деп хабарлайды Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы16 Қазан , 14:43

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты әріптестік пен Еуропа Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымының жағдайын талқылады.

Бақытжан Сағынтаев екі ел арасында уақыт өткен сайын өзара түсіністік пен сенімнің дәстүрлі түрде даму үстінде екенін айтты. Киев – ТМД мен Еуропада маңызды саяси және экономикалық әріптес. Құрылымдық диалог пен нақты келісімдердің арқасында екі жақ өзара әріптестіктің жаңа деңгейіне көтерілді, деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Леонид Кожараның айтуынша, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік саясатында Украина мен Қазақстан ұстанымдары сәйкес келеді. Және бұл халықаралық ұйымдардың алдында бекітіле түсуде. Екі ел арасындағы жан-жақты және белсенді әріптестік көптеген келісімдермен жоғарғы деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы.

Кездесу қорытындысы бойынша, күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге қатысты ойлар ортаға салынды. Бүгін Леонид Кожара Астанадағы ЕЫҚҰ Орталығына барып, онда қазақстандық үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездеспек.

 

 




Яндекс.Метрика