Халықаралық интеграция

Е:Ыдырысов пен С.Лавров Қазақстан мен Ресей СІМ арасындағы 2015-2016 жылдардағы іс-шаралар жоспарына қол қойды (ФОТО)

29-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ресей Федерациясына, Таулы-Алтай қаласына жұмыс сапары өтті.
Әлемде 30 Мамыр, 15:29

Сапар барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізілді. Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық салаларында және мәдени-гуманитарлық салаларында бірқатар кеңейтілген мәселелерді талқылады.

Өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуындағы тәжірибелік қадамдарды, өнеркәсіп ынтымақтастығын, жанармай-энергетикалық, атом және ғарыш салаларындағы ынтымақтастықты, 2013-2015 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарының орындалуын бақылауды талқылауға аса назар бөлінді.  

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және ЕҚҰҰ, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тізбесінің өзекті мәселелері, соның ішінде Украина және Сириядағы жағдайлары бойынша пікір алмасты. Сұхбаттасушылар дәл осы күні Бурабайда ТМД Үкімет басшылары кеңесі және Еуразия үкіметаралық кеңесінің отырысы өткенін атап етілді. Аталған шараның ең маңызды нәтижелерінің бірі Еуразиялық Экономикалық Одағы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоюы болды.

Кездесу барысында министрлер Байқоныр ғарыш айлағын пайдалану мәселесі жөніндегі екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, биылғы жылдың 2-маусымда Байқонырдың 60-жылдығын тойлаудың дайындық жұмыстарын талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша министрлер 2015-2016 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрліктері арасындағы іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Осы сапар екі ел арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуына ықпал етіп, Уфа қаласында биылғы жылғы қыркүйекте жоспарланып отырған Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізу алдында «сағатты дұрыстауға» мүмкіндік берді.

Министр Е. Ыдырысовтың сапарының маңызды бөлігі Алтай Республикасында тұратын қазақ диаспорасымен кездесуі, Таулы-Алтай қаласының мешітіне, А. Анохин атындағы Ұлттық мұражайға баруы болды. Е. Ыдырысов қазақ диаспорасының өкілдеріне Қазақстан туралы кітаптар, жалпы білім беретін мектептер үшін қазақ тілінде оқулықтарды, сондай-ақ компьютерлерді табыс етті.

2014 жылы тамызда РФ Сыртқы істер министрі С. Лавровтың Өскемен қаласына сапары өтті. Сапардың барысында Е. Ыдырысов екі елдің арасындағы шекара маңындағы ынтымақтастың маңыздылығын ескере отырып, кездесудің Қазақстанның ең ірі өнеркәсіп орталығының бірі Өскемен қаласында өткізілуі өте жоғары мәні бар екенін атап өткен. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара маңындағы ынтымақтастығы екіжақты жалпы тауар айналымының 70% құрайды. Қазақстандық министр өзара кездесулердің екі елдің аймақтарында өткізілуі жақсы әдетке айналатынына сенім білдірген болатын. Баса назар гуманитарлық бағытына аударылған ендігі кездесу осы әдеттің жалғасуы болды.

Қорытынды бірлескен баспасөз конференциясы барысында Е. Ыдырысов ресейлік әріптесін биылғы жылдың қарашасында Қызылорда облысына  шақырғаны туралы мәлімдеп, сапар аясында Байқоныр ғарыш айлағында ғарыш кемесінің ұшыруын көздеу қажет екенін айтты.  





Яндекс.Метрика