Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам Астанада талқыланды

Ұлттық музейде Президент Әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаевтың төрағалық етуімен ҚР Президентінің 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 қадам – Ұлт жоспарына арналған республикалық конференция өтті.
Астана қаласы30 Мамыр , 15:18

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Қарин, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Е.Бабақұмаров, сондай-ақ аймақ өкілдері, облыстық ішкі саясат, мәдениет, жастар саясаты басқармаларының жетекшілері мен ҚХА аймақтық хатшылықтарының меңгерушілері, ЖОО ректорлары, облыстық БАҚ пен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.   

Форум барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың тетіктері мен міндеттері сөз болды.

Президент әкімшілігі аппараты жетекшісінің орынбасары Б.Майлыбаевтың сөзінше, әлеуметтік блоктағы министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың, сонымен қатар қазақстандық қоғам алдында Мемлекет басшысының Ұлт жоспарындағы 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мен  нақты мақсаттарға қол жеткізу міндеті тұр. Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, мемлекеттің басты мақсаты – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын Қазақстанда да енгізу болып табылады.

Б.Майлыбаевтың сөзінше, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. 15 қадам мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін түбегейлі көтеруге бағытталған. 19 қадам – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын жаңғыртудың тиімді шаралары. 50 қадам – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа жоғарытехнологиялы экономикалық өсімді ынталандыру мен адам капиталын дамытуға бағытталған нақты әрі жан-жақты нақтыланған шешімдер. 6 қадам – «Мәңгілік ел» құндылықтар жүйесін дамытуға, жалпықазақстандық және қоғамдық бірлікті нығайтуы ықтимал жалпы шаралар. 10 қадам қоғамдық бақылау мен азаматтық қоғамның қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін, «Ашық үкімет» жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен кеңестер берілді.    

    

 

 

 




Яндекс.Метрика