Адами капитал

Болашақ авиаторлар әскери ант қабылдады

Бүгін осы көктемде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 44813 әскери бөліміне мерзімді қызметке шақырылған 50 жас салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Авиаторлардың жаңа буынын бөлім командирі полковник Б. Нүрпейісов құттықтады.
Казахстан 30 Мамыр, 15:52

«Мен Павлодар қаласының тумасымын». Бүгін мен және менің 49 қаруласым үлкен мақтанышпен әскери ант қабылдады. Бұл біздің өміріміздегі атаулы күн, себебі, бүгін біздің Отан қорғаушыларымен бірге бір қатарға тұрдық», - деп өзінің алған әсерімен бөлісті мерзімді қызмет әскери қызметшісі Шыңғыс Жұмамидинұлы бөлісті.

Осы сәттен бастап жас жеткіншектер Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына ресми түрде қабылданды. Олар өздерінің туған-туысқандарымен бір жылға қоштасты және алғаш рет бірыңғай саппен әскери бөлімнің алаңқайынан адымдап өтті. 

Енді жеткіншектер 44813 әскери бөлімінде қызмет етіп, күрделі әскери ғылымды тани бастайды. Мүмкін, бір жылғы мерзімді қызметтен кейін бүгінгі жас буын келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ретінде қазақстандық әскер қатарын толықтыратын шығар.

 





Яндекс.Метрика