Адами капитал

ШҚО мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыс етілді (ФОТО)

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің қарсаңында «Ізгілік пен жылылық пойызы» акциясының аясында Өскеменде мүмкіндігі шектеулі 100 балаға арналып, концерт ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 30 Мамыр, 14:11

Шара барасында «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұрлыбек Шерубаев балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. «Халықаралық балаларды қорғау күні біздерге, яғни барлық ересектерге балаларға деген жауапкершілік пен қамқорлық көрсетуіміз қажеттігін еске салады. Біздің бастамамызды қолдап, азаматтық парыздарын атқарған демушілерге мың да бір рахмет»,-деді Н.Шерубаев.      

Мерекеде концерттен басқа «Үлбі» орталығы мен Шығармашыл оқушылар үйінің өнерпаздары түрлі ойындарды да  ұйымдастырды.  

Мерекелік шараның соңында «Ізгілік пен жылылық пойызы» эстафетасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап, 2016 жылдың 1-маусымына қарай осындай ізгі шаралар ұйымдастыру үшін «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының өкілдеріне берілді. Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциялары мен қоғамдық шаралар ұйымдастырылады. Биылғы жылы да «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Бақытты балалық шақ» және «Кедергісіз болашақ» партиялық жобаларының аясында аталмыш шараны ұйымдастыруда.   

 





Яндекс.Метрика