Адами капитал

Шамамен 130 әскери қызметші альпинизм бойынша нұсқаушы атанды

ҚР ҚК Құрлық әскерлері арнайы бөлімшелерінің шамамен 130 әскери қызметшісі жеке құрамды таулы даярлыққа өздігінен дайындауға рұсқат алды.
Казахстан 30 Мамыр, 13:07

Екі апта олар таулы жағдайларда 3 100 метр биіктікте палаталық лагерьде өткізді. Бұл уақыт ішінде бағдарлау техникасын, жартастардың таулы бедерін және таулы өзендерге дейін қия беткейлердің қармен көмкерілген барлық нысандарын игерді, төзімділік пен тауларда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тактикасын зерделеді. Жиын барысында арнайы мақсаттағы жауынгерлерді таулы дайындықта мамандандырылған ҚР ҚМ АОСК тәжірибелі армиялық спортшылар командасы нұсқамадан өткізді.  

Метеорологиялық жағдай қиындық туғызды: жиі қар жауулар, бұлттылық, ылғалдылық. Бұған қарамастан, әскери қызметшілер лагерлік жиындардың барлық қойылған тапсырмаларын орындады және өздерінің біліктілігін арттырды. Жиын аяқталысымен оларға «Қазақстан альпинисті» куәліктері берілді.

Әскери қызметшілер қатарынан оқып-үйренуші әдіскер нұсқаушылардың саны жыл сайын артуда. Осы жылы Қазақстан Қарулы Күштеріндегі олардың саны 3,5 есеге ұлғайды. Оқыту сапасы да, сонымен бірге Қарулы Күштердегі жауынгерлік әзірліктің деңгейі де жақсарып келеді.



 





Яндекс.Метрика