Өңірлер

Алматы облысында «Агробизнес - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 24,7 млрд теңге бөлінді

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 24,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған жиында.
Алматы 30 Мамыр, 12:38

Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялауға 21,9 миллиард теңге бөлінді. 2015 жылдың 4 айында 5,9 миллиард теңге игерілді.

С.Бескемпіров сонымен қатар, қант қызылшасын өңдеуге негізделген сервисті-дайындық орталықтарын құру, Көксу қант зауытын алғашқы өнімдерін қабылдауға дайындау мәселесіне тоқталды.  

«Мемлекет басшысының алдыға қойған міндеттері басты назарда болуы керек. Бұл ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, пайдаланылмаған жерлерді айналымға жіберу, қант қызылшасы өндірісін дамытуға қатысты. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру маңызды рөлге ие. Егер аудан әкімдері, фермерлер, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күш біріктіріп, жауапкершілікпен, жемісті еңбек ететін болса, бұл мақсатты жүзеге асыруға болады. Ол үшін біздің облыста барлық шарттар қарастырылған»,-деді аймақ басшысы Амандық Баталов.

 





Яндекс.Метрика