«Біздің сарапшыларымыздың осы уақытқа дейінгі жинаған тәжірибелері өзге де халықаралық келіссөздерді жүргізуге дайын. Біз көптеген әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген ойдамын. Әзірге түрлі деңгейдегі қандай да бір келісімдер жасауға қазір 40-тан астам мемлекеттер мен бірлестіктер қызығушылық танытып отыр, олар ЕАЭО-мен арада байланыстар орнатуға ниетті»,-деді Д.Медведев.
Оның сөзінше, өткен жылдары ЕАЭО негізгі сауда әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай қадамдар жасады, оның айғағы Вьетнаммен арада жасалған еркін сауда аймағы туралы келісім.
Д.Медведев ЕАЭО мен Вьетнам арасында жасалған еркін сауда аймағы туралы келісімді үшінші тараппен жасалған серпінді келісім деп атады, ол сол себепті де ол бірінші келісім болып отыр. Келісім сонымен қатар, ЕАЭО-тың толыққанды интеграциялық бірлестік ретіндегі күш-жігерінің өміршеңдігін көрсетеді.
Осыған қарай, ЕАЭО-на ішкі қызметті жандандырып, соның ішінде сапалы тауарлар мен қызметтерді жетілдіріп, болашағы зор технологияларды тұтынуды зерделеуді жүзеге асыру қажет.
Ботагөз Айтжанова