Евразиялық одақ

Вьетнаммен қол қойылған келісім тауар айналымын 10 млрд долларға дейін арттырады - ЕАЭО

Еуразиялық экономикалық одақтың Вьетнаммен еркін сауда аймағы бойынша жасаған келісімі тауар айналымын 4-тен 10 миллиард долларға дейін арттыруға бағытталған, деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Виктор Христенко.
Ақмола30 Мамыр , 11:06

«Бүгін тарихи оқиға болды, Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасында еркін сауда аймағын туралы келісімге қол қойылды. Вьетнам ЕАЭО-қа мүше елдердің ұзақ жылдардан бергі әріптесі болып табылады»,-деді В.Христенко. 

Оның сөзінше, аталмыш келісім ЕАЭО-тың реттеу аймағында тұрған барлық тауар тізімдерінің 90 пайызы бойынша еркін сауда жасауға ықпал етеді. Олардың жартысынан астамы салымдардан босатылады.

«Нарықтағы еркін сауда режимі келісім күшінен енген уақыттан басталады, ал қалған жартысы аздаған уақыттардан соң іске қосылады. Келісім тек әдеттегі сауда режимін ғана емес, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын басқару мен өзге де бірқатар бағыттарды қамтиды. Бұның барлығы түптеп келгенде, ЕАЭО-на мүше елдердің арасындағы тауар айналымы көлемін бүгінгі 4 миллиард доллардан 2020 жылға дейін ең аз дегенде 10 миллиард долларға дейін арттыруды көздейді»,-деп қосты В.Христенко.     

Сонымен қатар, ол келісімнің ЕАЭО үшін халықаралық деңгейдегі бірінші келісім екенін және оның тек Вьетнам мемлекетіне ғана емес, 600 миллион тұрғыны бар Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне де жол ашатындығын атап өтті. Осылайша, келісім ЕАЭО елдеріне жаңа нарықтарға шығып, екіжақты тиімді пайдаға кенелуге мүмкіндік жасайды.     

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика