Халықаралық интеграция

Қырғызстан құжаттарды Парламент депутаттарының демалыстарына дейін ратификациялауды жоспарлап отыр

Қырғызстандықтар Қырғыз Республикасының ЕАЭО-на қосылу жөніндегі құжаттарын ратификациялауды Парламент депутаттары жазғы демалыстарына шықпай тұрып аяқтау жөнінде өтініш білдірді.
Ақмола29 Мамыр , 19:09

«Мен бүгін сіздерден Қырғыз Республикасының ЕАЭО-на қосылу жөніндегі құжаттарды ратификациялау жұмыстарын қырғыз Парламенті жазғы демалыстарына шықпай тұрып ратификациялауға қолғабыс етулеріңізді сұраймын. Бүгінгі таңда қырғыз тарапы Ресейдің қолдауымен бірінші кезектегі кедендік өткізу бекеттерімен қамтамасыз ету және ақпарат алмасуды ұйымдастыру жұмыстарын атқарды. Енді қырғыз жағында санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау жүйесін ЕАЭО стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде»,-деді Қырғызстанның Премьер-Министрі Темір Сариев Бурабай кентінде өткен Еуразиялық үкіметаралық Кеңес барысында.  

Қырғызстан Үкімет басшысының сөзінше, бұл ел қырғызстандық-қазақстандық кеден учаскесінде кедендік, санитарлық-ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауды жою бағытында да барлық шараларды жүзеге асыруға ниетті. 

«Шекараны ашу барысында туындаған мәселелермен айналысатын арнайы штаб құрылды. Қырғызстан ЕАЭО аясындағы жемісті жұмыс істеу, бірыңғай тауарлар нарығын қалыптастыру, қызметтер мен капитал үшін, ең бастысы еңбек ресурстарының Одақ аясында еркін қозғалуына барлық мүмкіндіктерді қарастыратын болады»,-деп сендірді ол.    

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика