Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында Еске алу акциясына, «Батыс Қазақстан облысының тарихы – жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты құжаттық-экспонаттық көрмесіне қатысып, «Мәңгілік Ел» - ұлттық тарих пен тарихи зердедегі құбылыс ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына арнап кіріспе сөз сөйледі.
Өз сөзінде Мемлекеттік хатшы бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, тарихи мұраны зерделеу және сақтау, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ілгерлетуге бағытталған жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Конференцияда сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, белгілі қазақстандық ғалымдар, ТМД, АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінен келген шетелдік сарапшылар сөз сөйледі.
Түстен кейін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей ордасы ауданында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-мұражайлық кешенде болды. Г.Әбдіқалықова кешендегі тарихи экспонаттармен танысып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Бұған қоса, Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының аясында Батыс Қазақстан облысының әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруда әйелдер қауымының белсенді қатысуы және отбасы-демографиялық саясатты дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.