Евразиялық одақ

К.Мәсімов: ЕАЭО-мен ынтымақтасудың пайдасы зор (ФОТО)

Еуразиялық экономикалық одақ өзіндік әлеуеті бар ірі ойыншы ретінде қалыптасуда, онымен ынтымақтастықтасудың пайдасы зор, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің барысында.
Ақмола 29 Мамыр, 18:14

«Қырғызстанның ұйымға кіру туралы хаттамаға қол қоюы, оны Одақтың толыққанды мүше болуына мүмкіндік береді. Күн тәртібі интеграцияның ынтымақтастығына қатысты көптеген мәселелерді қамтиды. Мұнда басты назара халықаралық қызмет пен Одақтың негізгі әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды ортамерзімді болашақта дамытуды көздейтін негізгі басым бағыттарға аударылған»,-деді К.Мәсімов.  

Оның сөзінше, құжаттар өзге мемлекеттермен, аймақтық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен  тығыз байланыстарды нығайтуға мықты негіз болады.  

«Бүгінгі мәжілістің маңызды оқиғасы Въетнам Социалистік Республикамен арада қол қойылған еркін сауда аймағы туралы келісім болады. Бұл біздің Одақтың сауда-экономикалық байланыстарды нығайту тарихындағы алғашқы қадам. Біздің Одақ өзіндік әлеуеті бар, ынтымақтасқан жағдайда үлкен пайда әкелетін ірі ойынша ретінде қалыптасуда. Біздің Одақтың әріптестерін таңдауда біз бірінші кезекте, бұл біздің мемлекеттерімізге қандай пайда әкеледі деген принципті ұстануымыз керек»,-деді К.Мәсімов.     

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика